Балқаштық боксшылар халықаралық турнирде чемпион атанды

Қалада бокстан ұйымдастырылған VII халықаралық турнир өз мәресіне жетті. 5 елден келген 260 спортшы 5 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, Балқаштың атынан бақ сынаған 16 спортшының 4-уі алтынға қол жеткізіп, командалық есепте бірінші орын алды.

Қыздар арасында ең тартысты кездесу Астана мен Шығыс Қазақстан облысының спортшыларының арасында өтті.Көк бұрыштан елордалық Арайлым Марат шықты. 9 жылдық кәсіби спортшы қарсыласына бірнеше рет соққы жібергенімен, есепті шығыс қазақстандық ашты. Алайда, соңғы раундта Астаналық 15 жастағы қыз қарсыласына бүйірден соққы жіберіп, 48 келіде жеңіске жетті.

Арайлым Марат- Бокстан халықаралық турнир чемпионы (48 келі)
» Бірінші раундта істедім, екінші раундта денем босай бастады.Ауыршылық сезіне бастадым.Бірақта, берілуге болмайтынын есіме түсіріп, тек қана алдыға баруды жоспарладым.Тренерімнің айтқанын барлығын істеп отырдым». 

Ал турнирде ұлдар арасындағы жекпе-жек тіптен тартысты болды. Ең ауыр 80 + салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан Атыраулық спортшы көк бұрыштан Өзбекстандыққа қарсы шықты.Ел намысын қорғаған Аманат Сабырғали жеңісті қолдан бермеуге барын салды.Үш раундта да есеп ашылмады. Деседе, төрешілердің шешімімен бұл салмақта Қазақстан чемпион атанды.

Аманат Сабырғали- Бокстан халықаралық турнир чемпионы (80 келі +)
«Жақын шетелден келіп тұр.Қазақстаннан осы орынды бермейін деген ойда болдым. 2501 Бокс болғанда удар жібермеу деген болмайды.Әрбір адамда удар жейді.Өзімнің қарсыласым күш жағынан өте мықты.Маған күш жағынан көптеген дайындықтар керек.Мен көбінесе үйреніп жүрдім. Ал қарсыласым удар арқылы мені жеңгісі келді».

Жалпы, дәстүрге айналған турнирге 5 мемлекеттен 260 спортшы жиналды. Олар 42 командаға бөлініп 5 күн бойы шаршы алаңда шеберліктерін шыңдады.

Амангелді Маканалин – Супервайзердің орынбасары
» Жарыс өте жақсы, қызықты өтіп жатыр.Атырау, Маңғыстау, Павлодар жақсы боксшыларды әкеліп отыр.1052 Өзбекстаннан 4 бала финалға шығып отыр.Балқашты айтып кетсек Балқаштан екі 2 қыз бала шықты, ұлдардан үш бала шығып отыр». 

Нәтижесінде, командалық есепте 4 алтынмен Балқаш бірінші орын алса, 3 алтынмен Өзбекстан құрамасы екінші орынға тұрақтанды. Ал Павлодар 2 алтын медальмен жүлдегерлер үштігін тәмамдады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture