Жылдық ас Қашқынбекқызы Күләш

Руы Тобықты — Оразай, Секербаев Тоқтұрсынның бәйбішесі, руы Құттыбай, Қашқынбекқызы Күләш анамыздың өмірден өткеніне 1 жыл.
Жылдық асы 27 маусым күні сағат 12.00-ден бастап МЕШІТТІҢ КІШІ залында беріледі. Ағайын — туыс, құда — жекжат, көрші — қолаң, балаларының еңбек ұжымдарына, танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.

Сен кеткелі 1 жыл өтті арада,
Есейтті өмір, талай нәрсе саралап.
Ағайынның бірі болса жанашыр,
Бірі жүр ғой жүрегімді жаралап.

Бөліп жармай өсірдіңіз бәрін бірге,
Ел ішінде сыйлы едіңіз, қадірлі де.
Арадан тағдыр алып кеткенімен,
Мәңгілік сіз қаласыз есімізде.

Анажан, жатқан жерің жайлы болсын,
Қабірің нұрға толсын, ұстағаның шырақ болсын!
Асыл ана, мақтанышымыз, ардағымыз,
Біз үшін бар ғұмырыңызды арнадыңыз.
Ұрпағың бар жалғастырар ізіңізді,
Жоғалтпайтын ізгіліктің жалғауын.

Жатқан жерің жәннаттың төрі болсын,
Жан, Ана, топырағың торқа болсын!
Иманың мәңгілікке жолдас болып,
Аруағың ұрпағыңды қолдап жүрсін!

Ас берушілер: ұлдары: Санақбай, Тұяқбай, балалары, немере — шөберелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture