Балқаш-Алматы тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды.Оқиға салдарынан үш адам көз жұмып, тағы үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Балқашта жол ақысы қымбаттайды. Сарапшылар мен депутаттар жол жүру билетінің бағасын көтеруге рұқсат берді. Ал, бүгін арнайы қаулы шықты.
Островский көшесінде канализациялық құбыр жарылып, нәжіс араласқан су тұрғындардың бақшасына дейін жетіп, далаға жайылды.
Балқашта алғаш рет жамбас сан буынын протездеу операциясы жасалды.Науқастың зақымданған сүйегі импланттың көмегімен ауыстырылды.
Балқашта ҰБТ басталды. Бүгін сынақты алғашқы болып қаладағы 18 мектептің жетеуі және Қоңырат мөлтек ауданы мен Приозерск қаласының оқушылары тапсырды.
Балқаш бекетінде ветеринарлық станция пайда болды. Мал дәрігерлері үшін 10 жыл бойы қаңырап бос тұрған ғимарат жөнделді.
Қалада алғаш рет ескерткіштерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұрын тарихи мұрағаттар тек жуылып, әктелсе биыл толығымен жаңаруда.
Қарағандыдан үй алғысы келетін балқаштықтар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жеңілдетілдген пайызбен баспана ала алады.
Жыл басынан бері заңды белден басып темір тұлпарларын қайда болса сонда қойып кететін 20 жүргізуші жауапқа тартылды.
Балқаш қаласының жергілікті полиция мен қалалық ішкі істер бөлімінің 40-қа жуық маманы алғыс хат, медальдарға ие болды.
Балқаштық құқық қорғаушылардың бір күндік жұмысы.
22 маусым Ұлы Отан соғысының басталған күні!Осыған орай коммунистер Мәңгiлiк алау жанына жиналып, соғыс майданынан оралмағандарды бiр минут үнсiздiкпен еске алды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login