Балқаштықтарға Қарағандыдан жеңілдетілген несиемен баспана алуға мүмкіндік бар

Қарағандыдан үй алғысы келетін балқаштықтар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жеңілдетілген 5 пайызбен баспана ала алады. Қазір онда 1128 пәтерден тұратын 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Үйдің 1 шаршы метрі өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 100 мың теңге. Ал, «Нұрлы жол» бойынша 140 мың теңге болып бекітілген. Қазір үйлі болғысы келетіндерден өтініш қабылдау басталды. Оның мерзімі 18 шілдеге дейін. Алайда, өтініш білдірушілерде өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша пәтер сомасының 30 пайызын болуы керек. Ал нұрлы жол бойынша 50 пайызы. Айта кетейік, осы мемлекеттік бағдарлама бойынша келесі жылы Балқашта 45 пәтерлі 2 тұрғын үй салу көзделуде.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture