Балқашта жол ақысы қымбаттайды

Балқашта жол ақысы қымбаттайды. Сарапшылар мен депутаттар жол жүру билетінің бағасын көтеруге рұқсат берді. Ал, бүгін арнайы қаулы шықты. Соған сәйкес, шілде айынан бастап қала ішінде қоғамдық көлікпен жүру құны 60 теңге болмақ. Ал, Қоңырат мөлтек ауданы мен Шашубай кенті, Рембаза, ақ тас аймағына жету 70 теңгені құрайды. Оқушыларға бұрынғыша 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Айта кетейік, жол ақысы қалада соңғы рет 2014 жылы 30 теңгеден 40 теңгеге көтерілген болатын. Ал, бұл жолы 20 теңгеге қымбаттап отыр. Тасымалдаушылар мұндай қадамға баруға мәжбүрміз дейді. Себебі қазір жанармай құны мен көлік бөлшектерінің бағасы көтерілген.

Әнуар Самиев-ТКШ бөлімінің жетекшісі
«Шілдеден бастап жол құны көтеріледі. Қала ішінде жүріп тұру құны 60 теңге, ал шаҺар маңындағы елді-мекендерге қатынау ақысы 70 теңге болады. Тек Ботсад аймағына 60 теңге деп белгілеп отырмыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture