Балқашқа эстрада жұлдыздары келеді

Биыл Балқашта алғаш рет байытушылар өз кәсіби мейрамын тойламақ. Соған орай 24 маусым күні күндіз мәдениет сарайында салтанатты жиын өтеді. Ал, кешкісін балқаштықтар эстрада жұлдыздарының қатысуымен болатын мерекелік концертті тамашалай алады. Оған Қазақмыс корпорациясы Ақылбек Жеменей, Нұржан Керменбаев, Мадина Садуақасова, Абдулкарим Карим секілді елімізге танымал әншілерді шақырып отыр. Ал, топтардан әсем бикештерден құралған «Джейран», талай сұлудың жүрегін жаулаған «Орда» квартеті және жастар сүйіп тындайтын «Домино» триосы тобы келмек. Мерекелік кеш кешкі сағат 19:00-де желтоқсан көшесінде басталады.

Ләззат Смағұлова- «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Балқаш өңірі бойынша баспасөз қызметінің жетекшісі

«Мысшылар сарайында салтанатты жиналыс өтеді. Ол жерде ең жақсы қызмет істеген, байыту фабрикасының жұмыскерлерін марпаттайды. Осы біздің қазақстандықтардың сүйіп тыңдайтын жұлдыздары келіп, концерттік бағдарламамен құттықтайды».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture