Балқашта жедел-жәрдем көлігін соғып кетті

Шақырту бойынша жолға шыққан жедел жәрдем көлігі діттеген жеріне жете алмады. Медициналық техника Мир мен Қараменде би көшесінің қиылысына жеткенде жол көлік оқиғасына ұшырады. Рено көлігі асығып бара жатқан жедел-жәрдемді өткізбей, бүйіріне келіп соғылған. Оқиға түске таман болды. Куәгерлерің сөзінше, Рено Мир көшесіне бұрылмақ болған. Сол сәтте медициналық көлік жүйткіп келіп, екеуі соқтығысқан. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Ал, екі жүргізуші шығынды өтеу бойынша өзара келіскен. Сондықтанда полицейлерге хаттама толтырып, кінәлі адамды жауапқа тартудың қажеті болмады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture