Балқаштың аптап ыстығынан қалай сақтану керек

Синоптиктер  ыстық ауа-райы апта соңына дейін сақталады деп отыр. Осыны ескерген дәрігерлер ағзаны әлсіретпеу үшін күннен қорғануға және дұрыс тамақтануға кеңес береді.

Cиноптиктердің мәліметінше, Балқаш қаласының ауа температурасы ерекше қатты көтерілмек. Ертең күннің ыстығы 35-37 градусқа дейін жетеді. Ал, 23, 24, 25 күндері ауа-райы жауын шашынды болады деп күтілуде. Алайда, соған қарамастан сынап бағанасы бар болғаны 7 градусқа төмендеп 30-35 градусты көрсетпек.

Людмила Мингалиева-инженер-синоптик
«Ауа температурасы апта соңына дейін жоғары болады. Күндіз де, түнде де ыстық болады. Егер, күндіз сынап бағаныс 30-37 градусты көрсетсе, түнде 23-25 градусқа дейін төмендейді».

Аптап ыстықта дәрігерлер 2, 2.5 литр су ішуге кеңес береді. Оған лимон салып ішсеңіз пайдалырақ болмақ. Шөліңізді басқыңыз келсе квас, көк шай, түрлі шырындар ішіңіз. Бірақ, алкогольдік ішімдіктен, энергетикалық сусындардан, кофеден аулақ болыңыз. Себебі мұндай сусын түрлері адамның қан қысымын көтеріп, инфарк пен инсульт алу қаупін туғызады.

Ғалымдар есептеп шығарғандай, ыстық ауа-райында ағзаның қуатқа тәуелділігі шамамен 5%-ға азаяды, демек жазда ағзамызға құнарлылығы азырақ тағам қажет. Майлы ет, торттар, құймақ пен оливье жайлы ұмытып, оның орнына көкөніс, жеміс-жидек, сүт өнімдерін көбірек қолдану керек.

Жанат Омашева-№1 емхананың жалпы практика дәрігері
«Жаздың аптабында ағзханы әліретпеу үшін майлы тамақтар мен тоқаш наннан тағамдарды қолдануға болмайды. Оның орнына жеңіл қортылатын жеміс, көкеністерді қолдану керек. Себебі олар витаминдер мен минералдарға бай».

Сондай-ақ күннен қорғанудың қарапайым ережесін естен шығармаған жөн. Міндетті түрде басқа қалпақ кию, күнге күйіп кетпес үшін крем жағу аса маңызды. Ал, денсаулықа зиян ультракүлгін сәуледен қорғану үшін көлге кешкі 4-тен кейін барған жөн.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture