Балқаштықтар енді халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, міндетті медициналық сақтандыру бойынша әлеуметтік статус ала алады. Қазір онда жұмыспен қамту орталығының мамандары іске кіріскен. Олар арнайы база арқылы өздеріне жүгінген кез-келген азаматтың статусын анықтап береді. Ол үшін өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болса болғаны. Ал, екі қолға бір күрек іздеп жүрген адамдарды, мамандар тіркеуге алып, оларға мамандығы бойынша қызмет қарастырады. Егер, табылмай жатса онда 10 күннен кейін жұмыссыз статусы беріледі. Сол уақыттан бастап олар үшін медициналық сақтандыру жарнасын төлеуді мемлекет өз мойнына алады. Айта кетейік, 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайды.
Диана Рахметолла-жұмыспен қамту орталығының маманы
«Біздің мамандар ХҚКО таңғы 9- дан бастап кешкі 18- ға дейін қызмет көрсетеді. Бізге жүгінген тұрғындар міндетті медициналық сақтандырудан өзге, шағын несие, бос жұмыс орындары туралы ақпарат ала алады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login