Бүгін елімізде ҰБТ басталды. Университетке жолдама беретін басты сынақ биыл жаңа форматта 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді. Оған қатысуға Қазақстан бойынша 93 мыңға жуық түлек ниет білдірген. Ал, балқаштық мектеп бітірушілерге әлі де дайындалуға уақыт бар. Олар 23 мен 25 маусым күндері тестілеу сұрақтарына жауап береді. Осы жылы Балқаш қаласындағы білім ордаларын тәмамдаған 264 оқушының 231 сынаққа қатысамын деп шешкен. Айта кетейік, ҰБТ 5 пән бойынша тапсырылады: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және таңдалған мамандыққа сәйкес 2 бейінді пәннен. Түлектер 120 тапсырма бойынша максималды 140 балл алуы мүмкін. Себебі кей сұрақтарда екі дұрыс жауап кездеседі. Ал, тапсырмаларды орындауға 3 сағат 50 минут уақыт бөлінген.
Cаяна Есмұратова-№5 мектеп түлегі
«Таңертең мұғалімдермен консультацияға қатысамыз. Пробныйда болған кітапшаларды талдаймыз. Менің таңдаған пәнім ағылшын, дүниежүзі тарихы. Менің мақсат етіп отырған университетім Абылай атындағы шет тілдер университеті. Шет тілдер мамандығы бойынша».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login