Құттықтау Қашқынбаева Бибігүл Каукербекқызы

Аяулы да ардақты әріптесіміз Қашқынбаева Бибігүл Каукербекқызын 55 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз!

Сізге зор денсаулық, отбасыңызға аманшылық, еңбек жолында жетістіктерге жете беруіңізді тілейміз! Ұжым ортасында бұлбұлдай сайраған әдемі әніңізбен, және де жайдары жарқын мінезіңізбен арамызда жүре беруіңізге тілектеспіз.

Құтты болсын бүгінгі мейрамыңыз,
Әр күнде тек шаттыққа жиналыңыз.
Балалардың бақытына қуанумен,
Тағдырдан денсаулықты сыйға алыңыз!

Құтты болсын 55 жасыңыз,

Қуанышқа мерейленіп тасыңыз.

Қуат беріп, үрім-бұтақ қызығы,

Ұзақ жасап, жүзден әрі асыңыз.

 

Күтсін әлі қуаныштар әр талай,

Жақсылықтан жарқылдасын жан сарай.

Шөбере мен шөпшек көріп өмірде,

Әр күніңді той-думанға арнағай!

Т/б: 53898 әскери бөлімінің «ТОО «Әскери Құрылыс» ұжымы.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture