Сүйікті ұлымыз, аяулы жар Жакупов Дархан Сембайұлын 30 жасқа толған туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт, жүзіңнен күлкі кетпей жанұяңның, балаларыңның қызығына батып, аңсаған арманыңа жете беруіңе тілектеспіз!
Отызға толдың,
Артта қап балдырған шақ, балауса күн,
Отызың құшақ ашты – алау шағың.
Алатау аясында жүйрік мініп,
Жүйткіген күндеріңді көп аңсадың.
Туған күнің бақ әкелсін басыңа,
Өміріңде қайғырма да жасыма.
Туған күнің құтты болсын бүгінгі,
Қуанышпен өткізгейсің күніңді.
Балалардың нұрысың, тіреуісің,
Менің де дем беретін сүйеуімсің.
Жаратқанға мың алғыс берген сені,
Сен дегенде тасиды білеу күшім.
Ел сүйетін азаматсың ардақты,
Бақыт сені ең алдымен таңдапты.
Отбасы мен елге адал іс қылып,
Отыз деген жасқа жеттің салмақты.
Т/б: ата-анасы: Сембай – Сәулет
жары – Жазира
балалары – Айша, Диас
бауыры – Ислам
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login