Бүгін кішкентай балапанымыз Амандық Ділназ Бақытжанқызы 1 жасқа толды. Үйіміздің ажары да, базары да кішкентай балапанымызды туған күнімен құттықтаймыз! Жасың ұзақ, ғұмырлы бол, әрқашан былдырлаған бал тіліңмен, әр күнгі қызығыңмен, тәй-тәй басқан қадамыңмен бізді қуантып, өсе бер! Балапанымызға мына өлең жолдарын арнаймыз.
Тәй-тәй басып келесің,
1 жасқа енді енесің.
Қадамдарың көбейсін,
Періштең сені жебесін!
Жасқа толған ерке қыз,
Бәріміздің еркеміз.
Құтты болсын 1 жасың,
Тойға енді ертеміз.
Қадам бастың бір саты,
Мақтап жүрер қыз болып,
Өссең енді 1000 саты.
Бала кезің-бақыт кезің бөбегім,
Жылама деп әлпештеумен келемін.
Айналаңа бақыт гүлін ексін деп,
Жүрегіңе жырдың дәнін төгемін.
Ата-анаңның тілейтұғын амандығын,
Көрсетпе деп өмірдің жамандығын.
Аман-есен қуантшы ортамызды,
Туған айдай толысып туатығұн.
Т/б: әкесі — Бақытжан, анасы — Сауле, әпкесі — Айым.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login