Бал-шекердей тәтті балапанымыз Ділназды 1 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз! Денің сау, жасың ұзақ, өмір жолың жарқын болсын. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман-есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре берсін.
Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. Өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын.
1 жасқа толған құлыншағым,
Қандай тәтті шырын шағың.
Ата-анаңның құшағында,
Ұзақ болсын ғұмыр бағың.
Денсаулығың мықты боп,
Гүлдей жайнап жүре бер.
Болашақта бақытты бол,
Мұратыңа жете бер.
Көктемнің күлімдеген күні болшы,
Өмірдің шешек атқан гүлі болшы.
Қуанышты, көңілді өмір сүріп,
Өмірде ең бақытты жандардың бірі болшы.
Бұл дүниенің ең қызығы немере,
Қанат жайып өсе берсін кереге.
Шаңыраққа уық болып шаншылып,
Келе берсін немере мен шөбере.
Әке-шешесінің бал-шекердей тәтті қызының дені сау, жасы ұзақ болсын. Нағашы ата-әжесінің қуаныш-қызығы болып жүре берсін.
Т/б: нағашы ата-әжесі:
Хамза-Жанат, аға-жеңгесі: Нұрғазы-Эльмира, бауырлары: Алижан, Айлин.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login