Бүгін бірімізге аяулы ана, біріміздің әпкеміз, біріміздің әжеміз Акишева Мағираш Нұралықызын 70 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз. Алтыннан ардақты, күмістен салмақты асыл әпкеміз отбасы төрінде, қартаймай, нәсібеңіз ортаймай жүре беріңіз!
Туған күнде денсаулықты тілейміз,
Тек өзіңе шаттық тілеп күлейік.
Қабағыңды мұң шалмасын, жан Әпке,
100-ге дейін өзіңменен күлейік.
Тәлім-тәрбие бердіңіз,
Суығымызға тоңдыңыз.
Ыстығымызға күйдіңіз,
Бәріне де көндіңіз.
Аманымызға мың алғыс,
Бас иеміз мәңгі біз!
Туған күнің тойлануда той болып,
Көрген бейнет — зейнет болып, ой толып.
Барлық жанның тілектері қабыл боп,
Әумин десін періштелер мол толып.
Т/б: бауыры – Нұрғазы, балалары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login