Балқаштық шахматшы қыз Республикалық жарыстан жүлдемен оралды

Балқаштық шахматшы қыз Республикалық жарыстан жүлдемен оралды. Қаламыздағы №7 мектеп гимназиясының 8-сынып оқушысы Аружан Сағынтаева Қостанайда өткен ҚР-ның балалар кубогының ІІ кезеңінде ІІІ орынға ие болды. Турнир швейцариялық жүйе бойынша 9 айналымнан өтті. Аружан 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар араласқан 100 баламен бірге сынға түсті.

Аружанмен бірге Балқаштан тағы 4 бала қатысқан болатын. Дулат Ыдырысов, Саят Рысмағамбетов, Назерке Кисебаева және Гончаров Иван сынды балқаштық балалардың бұл жарыста жолдары болмады. Бірақ, балалар аталмыш Кубоктың қалған 5 кезеңінде бақтарын сынайтын болады.

Қола жүлдегер атанған Аружан қала бойынша әйелдер арасында чемпион, Қарағанды облысы бойынша екі дүркін чемпион және Халықаралық жарыстың ІІІ орын жүлдегері.

Еске сала кетейік, 2-7 шілде аралығында Балқаш қаласында шахматтан ашық жеке-командалық чемпионат өтеді.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture