Құттықтау Аманжолов Нұрмағанбет Баймағанбетұлы

Ардақ тұтар абзал ағамыз Аманжолов Нұрмағанбет Баймағанбетұлын туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ағайынға, жақын өзін білетін барша жанға сыйлы беделді ағамызды және онымен өмірдің қызық-қуаныштарын бірге бөліскен асыл жеңгемізді адал көңіл, ақ ниетпен құттықтаймыз!

Қызық-шаттық жақсылықты көре бер,

Жұртшылықтың алғысын тек тере бер.

Беделің де артсын ылғи ортада,

Еңбегіңмен алда өсіп-өне бер.

 

Несібе үзіп әр күннің үлесінен,

Шыға білдің әр істің үдесінен.

Баймағанбет пен Тілеутайдың ұлы деген,

Жұртымыздың әйгілі бір есіміне ең!

 

Жеңгеміз жүр көшіңді өрге сүйреп,

Келеді тірлігіңнің керуені боп.

Жаныңда құлындарың шапқылап жүр,

Ойлағың бір құдайдың бергені деп.

 

Әлдекімдер жоғалтса ұят, қиса арын,

Жолға салдың түзеп мінін қиқарын.

Тасқа жанның тас қамалып талқандап,

Мұңды жанның маңдайынан сипадың.

 

Қайырымды қолын созған сан досқа,

Бұл адамға жыр жазбадым мен басқа.

Бұл ағама арналатын сөз басқа.

Бұл ағама айтылатын ән басқа.

 

Құтты болсын мерейтойың белесің,

Барлық жаннан мақтау алып келесің.

Аман болып жасыңа жас қосылсын,

Алла жазса, талай тойды көресіз.

Т/б: апасы – Рахила, жездесі – Ораз, күйеу баласы – Берік, қарындасы – Эленора, бауырлары, күйеу балалары,

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture