Құттықтау Амангелді Іңкәр Төлеутайқызы

Біз  бүгін  кішкентай ғана  балапанымыз Амангелді Іңкәр Төлеутайқызын 3 жасқа  толған туған күн мерекесімен құттықтаймыз! Әрбір күні  тыныш болып, былдырлаған тілі, шат-күлкісі, ерке қылығы  туған-туыстарына қуаныш әкелсін!

Томпиған балапаным,

Үмітімізді ақтағын.

Қабыл ал құлыным тілегімізді,

Туған күніңе арнаған.

 

Ботақаным, айналайын, құлыным,

Өзіңсің ғой шуақ шашқан, Ай-күнім!

Ырысым да, байлығым да өзіңсің,

Болашағың кеңи берсін, айдының!

 

Сыпайы сүйсіндірген қылықтарың,

Балалық-балғын шақты ұмытпағын.

Жасыңа жас қосылып, жүзің жайнап,

Алдыңнан ата берсін күліп таңың.

 

Туған күнің құтты болсын боташым,

Сен күнімсің баға жетпес асылым.

Сенен үлкен үміт күтем білерсің,

Әр сөзімді сен санаңа ілерсің.

 

Балдай тәтті сенің әрбір қылығың,

Өмірімнің мәңгі таза тұнығым.

Жасыңа сай ақылың өсіп, өрелі,

Аман жүрші көз алдымда, құлыным.

Тілек білдірушілер: мамасы – Айгүл, ағалары: Қуаныш, Жандос, туысқандары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture