Балқашта ең үздік аула байқауына өтініштер қабылдау мерзімі ұзартылды

Ең үздік аула байқауына өтініштер қабылдау мерзімі 21 маусымға дейін созылды. Ал, бұл сайыста жеңімпаздар 3 номинация бойынша анықталады. Олар, үздік подъезд, үлгілі аула және ең жақсы қызмет көрсететін ұйым, яғни КСК. Бүгін арнайы құрылған комиссия мүшелері бұған дейін өтініш берген 3 аула мен 5 подъезді көріп қайтты. ТКШ бөлімінің мамандары, қала жетекшілері және депутаттар алдымен көгалдандыру мен тазалықты басты назарға алды. Одан кейін барып, тұрғындардың өз қолымен жасаған дүниелеріне мән берді. Айта кетейік, байқау 15 маусым күні аяқталуы тиіс еді. Алайда, тұрғындардың сұрауы бойынша бұл мерзім 21 маусымға дейін созылды. Сондықтанда, қатысуға ниет білдіргендер әлі де болса өтініштерін өткізе алады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture