Руы Мұсақұл – Жуантаяқ, ардақты балам, досымыз Секербеков Қайыржан Қайратұлының өмірден өткеніне 10 жыл болды.
Сағына еске алып, мына өлең жолдарын арнаймыз:
Ақылшы, арқа сүйер тауымыз ең,
Барады жылжып ағып өмір-өзен.
10 жыл болды бұл фәниден өткеніңе,
Нұр жүзің әлі күнге шықпайды естен.
Өмір жалған өтпелі екен қас-қағым,
Жанға жара салатұғын, басқа мұң.
Сағынышпен еске аламыз өзіңді,
Жастайыңнан бірге жүрген достарың.
Жан досымыз, Қайыржан, жаны ізгі,
Жүруші едің кіргізіп сәнімізді.
Отырыс-жиындарда бөлек едің,
Күлдіріп отырушы едің бәрімізді.
Еске алушылар: анасы Бахытжан, бауыры Рустем – Асель, достары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login