Руы Керней – Шаң – Сүйіндік, Жахметбек тегі Марал Баубекұлы досымыздың өмірден өткеніне 40 күн болды. Сағынышпен еске ала отырып, келесі өлең шумақтарын арнаймыз:
Адал дос барлық кезде керек екен,
Өмірде достың орны бөлек екен.
Дос керек, доссыз қиын бұл өмірде,
Дос керек, ұзап кетсе сағынатын.
Еске аламыз жарқылдаған жүзіңді,
Сағыныштан жүрегіміз езілді.
Адал дос! Ақ жүзіңді сағынамыз,
Алланың жазғанына бағынамыз.
Сен көрмеген ғұмырды, Темірланың жасасын,
Өзің салған ақ жолды, Темірланың жалғасын!
Топырағың торқа боп, жатқан жерің жайлансын,
Жаның болып жәннатта, Аллам сені қолдасын!
Мекендегенің жұмақ болсын,
Мінгенің пырақ болсын.
Имандының бірі сенсің,
Қимас досымыз, Марал.
Еске алушылар: достары
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login