Руы Керней – Шаң – Сүйіндік, Жахметбек тегі Марал Баубекұлыны өмірден өткеніне 17 маусым күні 40 күн болады.
Қырық күндік асы 17 маусым күні сағат 11.00-ден бастап Ақжал кенті «ҮМІТ» кафесінде беріледі.
Жақын туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, жолдастарына, таныстарға, жұмыс орнына, көршілерге хабарлаймыз.
Ауызашар кешкі 21.00-де Ақжал кенті «Үміт» дәмханасында беріледі.
Тау-тастың қыраны едің еркін ұшқан,
Сүйсініп қарайтындай елің, дұшпан.
Жігіттің сұлтаны едің дара тұлға,
Батырып кете бардың қара мұңға.
Қаламын деп артыңда ойламадым,
Балам-ау, бізді неге ойламадың?
Алланың сүйген құлы бол, жарығым,
Жәннатта болсын жаның – сол тілегім.
Жан бауыр, күндіз-түні жүресің есте,
Бейнеңді сөз етеміз ерте-кеште.
Қарындасыңмен қол ұстасып, әкең қоштап,
Ән айтып жүрсіңдер ме «о дүниеде».
40 күн бопты-ау сен кеткелі өмірден,
Тірі кезің еш кетпейді-ау көңілден.
Әлі күнге кездесер деп елеңдеп,
Сағынумен мына өмірден жеңілем.
Ер жетіп, аман өссін ұлыңТемірлан,
Артыңда жоқтатпайтын жалғыз тұяқ.
Рухыңа серік болсын иман жүзің,
Тұрағың болсын дейміз мәңгі жұмақ!
Ас берушілер: анасы Әрмия, жұбайы Мейрамгүл, ұлы Темірлан, бауырлары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login