Жылдық ас Ахметбеков Уаш Ахметбекұлы

Руы – Албан-Қоңырбөрік, Ұлы жүз, Ахметбеков Уаш Ахметбекұлының өмірден қайтқанына 1 жыл толады.

Марқұмның аруағына құран бағыштап 17 маусым күні «БАҚЫТ» дәмханасында сағат 12.00-ден бастап ас беріледі.

Ауызашар сол күні сағат 21.00-де Уалихан көшесі 4 үй 31 пәтер өз шаңырағынан беріледі.

Туған-туысқандарға, құда-жекжаттарға және жолдастарына, еңбек ұжымдарына, көрші-қолаңға, барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.

Алатаудың бауырында дүниеге келген,

Тау тұлғалы азаматым едің аяулы.

Мейірімге толы едің,

Сені бізден тағдыр ерте айырды-ау,

Жүрек сыздап кетпейді бейнең қайда жүрсем де.

 

Бір жыл болды жүзіңді көрмегелі,

Бір жыл болды өзіңменен бірге жүрмегелі.

Өзің кеткелі ұқтым өмірдің бекерін.

Қимастықтың азабын тартып жүрмін.

Тұрасың сен көз алдымда елестеп,

Жаным жылап, таңым құлап қалғанда.

 

Есікті ашқанда алдымнан шығатын сияқты,

Жарық берер айымыздай көктегі.

Жанарларды жаудыратып жанға батты жоқтығың,

Өзіңді ойлап өртенеді өзегім.

 

Таусылмас сағыныш бар жүрегімде,

Сенсіз босап қалғандай мынау өмір де.

Қызметте бапты едің,

Асқар тау бір өзіңе тән екен.

 

Батырып кете бардың қара мұңға,

Қайғы келіп көңілді белден басты.

Тағдырға шара бар ма алыстатқан,

Жылы жүзіңді, дауысыңды сағындық.

 

Қайран өмір жалған дүние,

Ұмытылмас нұрлы дидарың.

Өзің едің біздер үшін нар тұлға,

Қас-қағымда ғайып болдың жан-жарым.

 

Алла иман байлығын берсін,

Жұмақтың төрінен нәсіп етсін.

Келмеске кетті-ау шуақ жазымыз,

Жаныңа жетер ме екен аят-дұға.

Пайғамбарымыздың ақ туының астынан орын бер – деп тілейміз.

Хабарлаушылар: жұбайы, балалары, балдыздары, бажалары, бауырлары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture