Құттықтау Сағымбек Сагида Нұрланқызы

Сүйікті немереміз Сағымбек Сагида Нұрланқызын 7 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз!  Саған бұл өмірде зор денсаулық, өзендей ұзақ ғұмыр, балдай тәтті балалық шақ, қатарластарының алды, оқуда озат, көрікті қыз болып,  біздің  отбасымыздың сүйікті бүлдіршіні болып өсе беруіңе тілектеспіз!

Ата-әжеңнің таусылмайтын жыры бол,

Көңілдеріне сәуле шашар нұры бол!

Гүлдей жайнап, қызғалдақтай құлпырып,

Ата-анаңның мақтанышы, гүлі бол!

 

Бақыт нұры жүзіңнен жарқылдасын,

Құшағың қуаныш пен нұрға толсын.

Жыл сайын тойлай берсін отбасың,

Жылына бір келетін туған күнің!

 

Сагида, Сагида гүлімсің,

Жарқыраған күнімсің.

Қуанттың ата-анаңды,

Тұңғышымсың, айымсың,

Тәтті қызым, балымсың.

Өнерлі болып ер жетіп,

Есімің елге танылсын.

7 жасың сенің құтты болсын, бүлдіршінім,
Барлық жаннан ыстықсың бұл бір шыным.
Кіршіксіз таза көңіл, ақ періштем,
Қарамасын тағдыр жүзі саған қырын.

Т/б: атасы – Сағымбек, әжесі – Рая, ата-анасы: Нұрлан-Әсел.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture