Құттықтау Жетпісбаева Үмітжан Топатайқызы

Құрметті Жетпісбаева Үмітжан Топатайқызы, Сізді 65 жасқа толған  мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Тағдырыңызда таршылық көрмей, тәтті ғұмыр кешіңіз. Әріптестер, достар ортасында осы бір жайдарлы мінезіңізбен қызық-қуанышқа ортақтасып, аман-есен жүре беріңіз. Алла жасыңызды ұзақ қылсын!

Туған күнің тойлануда той болып,
Көрген бейнет — зейнет болып, ой толып.
Барлық жанның тілектері қабыл боп,
Әумин десін періштелер мол толып.

 

Өміріңіз ұзақ болсын, жайнасын,

Арай таңдар ата берсін қолдасын!

Сыйлы болып өмір сүрген ортада,

Отбасынан бақыт құсы таймасын!

 

Құтты болсын 65 жасыңыз,

Қуанышқа мерейленіп тасыңыз.

Қуат беріп, үрім-бұтақ қызығы,

Ұзақ жасап, жүзден әрі асыңыз.

 

Бізде бүгін ұлы той, мерейлі күн,

65  жасқа толыпты әріптес бүгін.

Құттықтайды ұжымыңыз қабыл алыңыз,

Еш уайымсыз жетсінші 100-ге жасыңыз.

 

Денсаулығың мықты боп,

Ұзақ өмір сүре бер.

Әрқашанда аман боп,

Ортамызда жүре бер.

 

Қартаймай жүріңіз жанымызда,

Күліп-ойнап әріптестер арасында.

Тілейміз біз Сізге ұзақ ғұмыр,

Тілейміз мәңгі бақыт, сырлы өмір!

 

Ақ дастархан жайылсын қуанышқа,

Қайғы келсе мұңайма, берік ұста!

Жазсын Аллам көруге, қос балаңның,

Отау болып шыққанын бұл ғаламда.

Т/б: құрбы-достары: РСУ РСК №1 бөлімше.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture