Балқаштық балалар үшін бейінді лагерь жұмыс жасауда

Тиімді әрі қызықты демалыс. Қалада балалар үшін жазғы бейінді лагерь ашылды.Онда оқушылар 10 күн бойы қолөнер туындыларын жасап, үйреніп, сурет салады. Және үш тілдік әдістемелік аясында ағылшын тілін меңгеретін болады.

Болашағын суретпен байланыстыратын Аруай Серғазы. Қолөнер тобының кенжесі 7 жаста. Ол бүгінгі сабақта ермексаздан әдемі туындысын жасап, оны моншақпен әсемдеу үстінде. Ал берілген тапсырманы кішкентай шебер бірінші болып 50 минуттың ішінде аяқтады.
 

Аруай Серғазы – 2 сынып оқушысы
«Мен бұл түстерді таңдағаным күн , аспан ашық болуы үшін.Әдемі болуы үшін. Бисерді таңдадым.Мен өскенде суретші , сәнгер болғым келеді».

Ал Аруайдан үлкен қыздар тігін тігіп, тоқыманың түр-түрін меңгеруге кіріскен. Олар үш күннің ішінде сәнді алқаларды жасап үйренді. Дәріс маусымының соңына дейін білімдерін жетілдіретін болады.

Бейінді лагерьде қолөнер сыныптарынан өзге, балалар шет тіліне меңгере алады. Жоғарғы курс студенттері 10 күннің ішінде оқушыларды Англияның мәдениетімен таныстырып, сөздік қорын жетілдіреді. Бастысы сабақ ойын түрінде өткізіледі.

Әнел Қуанышбаева – тәлімгер
«Бұл лагерьге 40-тан астам балалар барады.Олар үш топқа бөлінген.Әр топтың өзінің жетекшісі бар. Балалар әртүрлі мектептен келгеннен кейін деңгейлері әртүрлі».

Балқаш гуманитарлық –техникалық колледжінің пилоттық жүйедегі жобасы биыл екінші жыл ұйымдастырылуда. Оған 40-тан астам бала жиналды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture