Қырық күндік ас Қағазбайқызы Ләтәй

Айыртас ауылының тумасы, Жайлау Сүлеймен баласы Әбеннің жұбайы, руы Ақсары – Дүйсен, Қағазбайқызы Ләтәй шешеміздің 40 күндік асы 16 маусым сағат 12.00-ден бастап «АТИЛЛА»  дәмханасында беріледі.

Құда-жекжат, ағайын-туыстарға, көршілерге, жолдастарына, таныстарына хабарлаймыз.

Анашым! Шықпай жүрсің күнде есімнен,

Оралмассың сапардан енді мүлдем.

Оянбассың тыныш жер бесігіңнен,

Жатқан жерің жайлы боп, жан Анашым!

Бәрімізге қарашы кешіріммен.

 

Асыл ана жеткізіп жетелеген,

Жалғанда саған адам жетер ме екен?

Біз үшін сен бір асыл, сен бір кенсің,

Батаңмен бар әулетің өсіп-өнсін!

Қимаймыз, еске аламыз, ұмытпаймыз,

Бақи бол, имандының бірі сенсің!

 

Өсірдің, еркелеттің, тұлымдадың,

Әжетай, ұмытпаймыз мұның бәрін.

Дұғаларын бағыштайды өзіңе Әже,

Сағынышпен еске алып құлындарың!

 

Арманның аңсап кейде ағысында,

Биязы мінезіңді сағынамыз.

Сағынамыз әрдайым, Ана, өзіңді,

Аңсаймыз, мейіріңіз бен сөзіңізді.

Әрқашан қолдап жүрші біздерді!

 

Біз де сізге рақым тілейік, Тәңірден,

«Орын берші» деп Жәннәттің Һақ төрінен.

Рахат тапсын, жерге тиген ақ тәнің,

Шапағаты төгілсінші, Алла өзі түсірген.

Ас берушілер: балалары, немерелері, шөберелері, жиендері, туған-туыстары.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture