Руы: Майлық-Қожамберлі, Әлімханов Сағындық Нұрділдаұлының дүниеден озғанына 40 күн болды.
40 күндік асы 16 маусым күні сағат 11.00-ден бастап «БАҚЫТ» дәмханасында беріледі.
Ауыз ашар сағат 21.00-де «БАҚЫТ» дәмханасында беріледі.
Ағайын-туыс, құда-жекжат, сыныптастарына, бірге істеген ұжымдарға, балаларының достарына, көрші-қолаңға хабарлаймыз.
Қырық күнің кеп қапты-ау, сен кеткелі қадымдап,
Сен жүруші-ең тірлігінде, шаттығыңмен адымдап.
Алла салған жазымышқа, біз көнеміз әкешім,
«Жатқан жерің жарық болсын!»-деп тілейді қауымың!
Ақкөңіл-ең, әр кезде жарқылдаған,
Азаматым арысым,
Үзілді ерте тынысың.
Өзіңді жоқтап жылауда,
Жарың, балаларың, туысың.
Қарашы тағдыр өктемін!
Бәйтеректей әулетке сая болған,
Бәрінен де мейірімін аямаған.
Жәннатта жаның болсын, рухың биік,
Өзіңдей қайда бізге аяулы адам.
Жарқын жүз, жібек мінез, жайдарлы едің,
Таныған жұрт, бар адамға қадірлі едің.
Жанымызға жазылмас жара салып,
Өмірден кетіп қалдың әттегенмен.
Адал жар, асыл әке, қимас әке,
Қойнына қара жердің қимас әке.
Орныңды толтыра алмас ешқашанда,
Байлығын бар ғаламның жинасаң да.
Хабарлаушылар: жұбайы — Гульмира, балалары, бауырлары.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login