Аса қадірлі Хасенова Айгүл Рахметқызы! Сізді бүгінгі 55 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Әрқашан өмірдің өрінде, отбасы төрінде, Алланың назарында болыңыз! Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын!
Жүрегіңіздің жомарттығы мен жаныңыздың жайсаңдығымен басқарып отырған ұжымның ортасында сыйлы да құрметті болып, биіктерден көріне беріңіз.
Алдан күткен қызықтар көп, үміт көп,
Атар таңдар келе берсін күліп тек.
Жүрегі – кең, жаны – жомарт жансыз ғой,
Еңбегіңіз арта берсін биіктеп!
Бір жақсы үлгі көріп әркім сізден,
Теңейді берері көп алтын күзге.
Елу бес жыл еңсеңізді биік ұстап,
Жүрдіңіз ел алдында жарқын жүзбен.
Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз.
Жүзге жетіп баянды ғұмыр кешіп,
Арта берсін абырой беделіңіз.
Тілейміз бақыт пен дәулет басыңызға,
Аман жүріңіз әрқашан ортамызда.
Ұжымның ортасында сыйлы болып,
Тағы да қосылсыншы жас-жасыңызға!
Бізден тілек – тойыңыз тойға ұлассын,
Құрметтеріңіз биіктесін, қыр ассын.
Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр серік боп,
Жасыңызға жас қосылып, өмір әлі жалғассын!
Тілек білдіруші: Шипажай ұжымы.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login