Боқтап сөйлеген балқаштық әскери 5 тәулікке қамалды

Боқтап сөйлеген балқаштық әскери 5 тәулікке қамалды. Сарбаз тек аузына келгенді айтып қана қоймай, бұйрыққа да бағынбаған. Оның бұл әрекеті оқу-жаттығу кезінде көзге түсті. Ол баршаның көзінше капитанды балағаттап, оның айтқанын орындаудан бас тартқан. Кейін бұған дейін еш себепсіз жұмысқа шықпай қалғаны да анықталды. Нәтижесінде тәртіп бұзушының ісі сотқа жетті. Заң бойынша оған не айыппұл, не 15 тәулікке дейін қамауға алынуы тиіс еді. Алайда, судья оның жазасын жеңілдетіп, 5 күнге қамауға алу туралы үкім шығарды. Қазір жауынгер жазасын өтеуде.

Динара Бапаева – мамандандырылған әкімшілік сотының канцелярия меңгерушісі
«Балқаш қаласының әскери бөлімінің әскери қызметшісіне қатысты 3 әкімшілік іс қарастырылды. 05:51 Әскери қызметші әкімшілік құқық бұзушылықты бірінші рет жасағаны ескеріліп, оған минималды түрде әкімшілік жаза қолданылды».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture