Руы Тобықты — Ақсақ — Қожантай — Төлеген, Қонақбаев Төлтай Дүкенұлының өмірден өткеніне 40 күн болады.
Қырық күндік асы 15 маусым күні сағат 11.00-ден бастап «АТИЛЛА» дәмханасында беріледі. Ағайын — туыс, құда- жекжат, көршілерге, құрдастарына, бірге істеген еңбек ұжымына, танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.
Ауызашар кешкі сағат 21.00-де Қоңырат кенті, Октябрьская көшесі, 7 линия, 1 үйде беріледі.
Қоңырат кентінің тұрғындары үшін сағат 10.30- да Қоңырат кентінің мешітінің жанынан автобус жүреді.
Басшымыз, шаңыраққа тірегіміз,
Өзің деп мәңгі соғар жүрегіміз.
Арадан тағдыр алып кеткенімен,
Сені ойлап үзілмейді күдеріміз.
Әке» деп, «әкешім» деп еркелеймін,
Бір өзің оралардай елеңдеймін.
Келмесің есіме түскен кезде,
Көзден жас төгіледі сол мезгілде.
Еңіреп қалды ағайын-туыс, бауырларың,
Жылап қалды жан-жарың, балаларың.
Не шара жансыз бейне қалдық құшып,
Амалсыздан сағыныш жырын жазып.
Атыңнан айналайын әке деген,
Мәңгілік жүректерде қалады екен.
Әкесіз бұл ғұмырда көңілің пәс,
Гүлдей боп күздігүнгі болады екен.
Көнеміз бұл тағдырдың салғанына,
Анамыз аман жүрсін ортамызда.
Жұлдыздай ағып өткен бұл өмірдің,
Бейнеңіз қалды әке санамызда.
Топырағың торқа боп, асқар Әке,
Мекеніңді бұйыртсын жұмақ қылып.
Жаның жәннатта, тәнің рахатта болсын!
Ас берушілер: жұбайы – Бақыт, бауырлары, балалары, немере – шөберелері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login