Руы — Тобықты, Маман — Салпық, Әшембеков Серікбектің жұбайы, Руы — Тобықты — Жуантаяқ, Байболатқызы Мәнура анамыздың өмірден өткеніне 40 күн.
Анамыздың қырық күндік асы 15 маусым күні сағат 12.00-ден бастап «СҰЛТАН-БЕЙБАРС» дәмханасында беріледі. Асқа туған-туыс, құда-жекжат, анамызбен дәмдес болған, көз көрген, сыйлас ағайынды, балаларының еңбек ұжымдарын, көршілерімізді шақырамыз. Ауызашар кешкі сағат 21.00-де Степная көшесі 51 үйде беріледі.
АНАҒА САҒЫНЫШ
Ана мына өмірден сен кеткелі,
Ішіме бір мұң қатып шер кетпеді.
Сан-соқ ой сұрақтарын төпелетіп,
Күн-түн демей тұрады тергеп мені.
Жауабы жоқ көп қойып сұрақ ерге,
Көз жасымды көрсетпей бірақта елге.
Ана сені сағынып сарғайғанда,
Өзің жатқан көп келем қырат белге.
Өмір, өлім бұл Алланың сынағы,
Ана деген көктің нұры шуағы.
Ашылса есік елеңдеймін еліктей,
Анам кіріп келердей боп тұрады.
Ана сен ішіндесің сағым нұрдың,
Сен бар да сан биікті бағындырдым.
Қорғаным да сен едің, орманым да
Сен неге бізді қатты сағындырдың.
Нардың жүгін өзің ғана көтере алдың,
Өзіңді ойлап оңаша жеке қалдым.
Біздерді тапсырдың да бір Аллаға,
Әкешімнің соңынан кете бардың.
Сен берген тәрбиені шырақ қылдым,
Сен берген өнегені тұрақ қылдым.
Түсіме тағы кірдің анашым-ау,
Мен тағы төсегімнен жылап тұрдым.
Ұлың қонды ұяға отау салып,
Қызың ұшты қияға батаңды алып.
Әттеген-ай, қас-қағым сәт бұл өмір,
Жүрген едің немерелер ортасында сайран салып.
Ауыр-ау адам қазасы,
Жазылмас оның жарасы.
Тағдырға қарсы тұрарлық,
Адамның бар ма шарасы?
Тартылғандай сылдыр қаққан бұлағым,
Бір-ақ сәтте өшті-ау жарық шырағың.
Шығып кетіп қайта кіріп келердей,
Әр дауысқа елеңдейді құлағым.
Жаратқанның талдай алмай әмірін,
Жанды жара, бойды басар тағы мұң.
Жарылқасын көрмей кеткен көшеңнен,
Жерің мамық, жарық болсын қабірің.
Хабарлаушылар: ұлдары: Боранбай, Талғат, қыздары, күйеу балалары, келіндері, немерелері, шөберелері, «Серікбек әулеті».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login