Аса қадірлі бауырымыз, апатайымыз Тоғжанова Алмагүл Өндірісқызын 50 жас мерейтойымен құттықтаймыз!
“Өмір” атты қиындығы мен қызыққа толы ұзақ жолда жақсылық, отбасына бақытты ғұмыр тілейміз. Тағдырыңызда таршылық көрмей, Алла жасыңызды ұзақ қылсын, туған-туысқа ардақты, дос-жаранға сыйлы болып бала-шағаның арасында жүре беруіңізді тілейміз.
Құтты болсын туған күн мерекеңіз,
Жылдан-жылға арта берсін берекеңіз.
Жүзге келген тойыңызда кездесейік,
Бала-шаға, ағайын, туған-туыс.
Тілейміз бақыт пен дәулет бір басыңа,
Аман жүрші әрқашан ортамызда.
Ағайын-туыстарға сыйлы болып,
Тағы да қосылсыншы жас-жасыңа!
Құтты болсын, Алмагүл, 50 жас,
Құттықтайды қуанып кәрі-жасың.
Ойнап-күліп ортамызда жүре берші,
Тілегі бір ақкөңіл бауырлардың!

Сүйікті жиеніміз Думанды 25 жасқа толған туған күнімен құттықтаймыз!
Тағдырыңда таршылық көрмей, тәтті ғұмыр кеш! Ағайын-туыстың ортасында осы бір жайдарлы мінезіңмен қуанышқа ортақтасып, аман-есен жүре бер. Алла жасыңды ұзақ қылсын!
25 жас — туған күнің құтты болсын,
Өмірің шаттық пен нұрға толсын.
Қызықты күндерің арайланып,
Кеудең күмбірлеген күйге толсын.
Т/б: әке-шешесі
Тоғжановтар әулеті
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login