Құттықтау Контеков Манат

Шаңырағымыздың қорғаны, тірегі, асқар таудай әке, аяулы жар Контеков Манат! Сізді бүгінгі 63 жас туған күніңізбен және құрмет демалысына шығуыңызбен құттықтаймыз!!! Жасыңыз ұзақ, денсаулығыңыз мықты болсын! Басыңыздан бақыт, жаныңыздан жақсылық, жүрегіңізден жылылық кетпесін деп тілейміз!

Жан әке, құтты болсын 63 жасың,

Біз үшін ардақты ғой алтын басың.

Немереден көріңіз шөберені,

Жыл алыбы Жамбылдың көріп жасын.

 

Құтты болсын қуанышты күніңіз,

Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.

Алпыс үштің асқарына жеттіңіз,

Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.

 

Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,

Бірақ қимыл әлі жастай шымыр-ақ.

Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі,

Күндеріңіз мұң салмасын қырындап.

 

Осы жасқа жеткен де бар, жетпеген…

Жаратқанның нұры сізде көктеген.

Зейнет жастың бар қызығын көрсетсін,

Көңіл деген көркем кейіп көк дөнен.

 

Т/б: жұбайы – Райхан, балалары, немерелері.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture