Балқашта жұқпалы аурулар бөлімшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жұқпалы аурулар бөлімшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін науқастар ондағы дымқылға, сызға, көгерген қабырғаларға үнемі шағымданатын. Құрылысшылар бұл мәселені әр бөлмеге желдеткіш жүйесін орнату арқылы шешпек.

Жұқпалы аурулар бөлімшесінің бас медбикесі Наталья Морозова 4 жылдан бері палаталардағы дымқыл мен көгерген иіспен күресіп келеді. Осы уақыт аралығында қабырғаларды, төбені күніне ең аз дегенде 3 рет жууға тура келген. Енді бұлай азаптанудың қажеті жоқ. Құрылысшылар мекемеге ауаның алмасуын реттеп отыратын вентиляция жүйесін орнатуда.

  Гүлфиза Абжаппарова –инфекциялық бөлімше меңгерушісі
«Мына қабырғаларды тесіп, ауа өтіп тұратын арнайы құбырлар орнатады. Желдету жүйесі шахтадағыдай қыста жылы ауаны, ал, жазда суық ауаны өткізіп тұрады».

Тағы бір мәселе пластикалық терезелер. Анықталғандай, бұған дейін жұмыс істеген құрылыс фирмасы оны дұрыс орнатпаған. Салдарынан палаталар қыс бойы суық болыпты.

Наталья Морозова – инфекциялық бөлімше медбикесі
«Қазір терезелерді қайтадан орнатып жатыр. Алдындағыдай еш жерінде саңылау қалмауын қадағалап жүрміз. Құрылысшылар, қыста жылы болады деп сендіріп отыр».

Сонымен бірге, емдеу мекемесінің сырты арнайы материалмен қапталуда. Мамандардың сөзінше, жаңа қаптама тіпті 50 градус аяз кезінде ішке ешқандай суық өткізбейді. Жалпы жөндеу жұмыстары тамыз айына дейін созылады. Ал, құрылыс толығымен аяқталғанша науқастар мен медицина қызметкерлері қалалық ауруханаға көшіріледі.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture