Балқашта картоп бағасы неге қымбаттады

Балқашта картоп бағасы бірнеше есеге күрт қымбаттап кетті. Қазір қалада бұл өнімнің бір келісі 200 бен 300 теңгенің аралығында сатылуда. Мамандардың айтуынша бағаның бұлай шарықтауы өңірде бірінші рет. Мамыр айының басынан бері жеке меншік дүкендерде былтырғы картоптар 220 теңгеден сатыла бастаған. Ал Бішкек, Қытай елінен жеткізілген жаңасы 270-280 теңге болса, базарда оның бір келісін 300 теңгеден алуға болады. Ал мамандар бұрын –соңды болмаған мұндай қымбатшылыққа- елімізде картоп қорының азаюы себеп дейді. Яғни, қоймаларда аталмыш өнім бітуге таяу. Бірақ, алдағы 10 күннің ішінде көкеністің бұл түрі Оңтүстік өңірден әкелінбек. Жауаптытылар оның бағасы 160-170 теңгеден болады деп сендіріп отыр.

 Байзақ  Әлмағанбетов-қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің жетекшісі
«Бұның  енді себебін анықтайтын болсақ  көкеніс сақтайтын  қоймалардың жоқтығы  қол  байлап отыр. Бұл тек қана Балқашта ғана емес,  басқа жерлердің  барлығында  қойма  жеткіліксіз. Оңтүстік  өңірлердің картобы   осы  10-15 күннің ішінде   сөйлесіп отырмыз, өсіп жетіледі.Біздің  қалада  картоптың бағасы  төмендейтін болады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture