Құттықтау Жылқайдаров Сағатбек Мұқанұлы

Қымбатты әке, аяулы жар, қадірлі бауыр Жылқайдаров Сағатбек Мұқанұлы! Бүгінгі 63 жас туған күніңізбен және зейнеткерлікке шығуыңызбен құттықтаймыз! Денсаулығыңыз мықты болып, арайлап атқан әр таңыңыз тек қуаныш әкелсін, балалардың қызықтарына тоймай, ортамызда ойнап-күліп жүре беріңіз. Алла жасыңызды ұзақ қылсын!

Қатал жылдар артса дағы азабын,

Өсірдіңіз қызығын көріп Әсем атты қызыңызды,

Ақ нұрлы ниет қылды Жарас атты күйеу балаңыз.

63 жасқа бүгін келіп қалыпсыз,

Құттықтаймыз бақыт тілеп, Сізге біз!

 

63 жас өзенді өмір, сыршыл ағын,

Мәпелеп, жеміс берер бар шынарын.

63 жас құтты болсын мерейтойың,

Өмірдің тілейміз біз нұр шуағын!

 

Қырау шалып өтсе де самайыңды,

Бауыр тартып келесің ағайынды.

Шаңырақтың берекесі өзің болып,

Тату етіп отырсың маңайыңды.

 

Анашыммен бақытты өмір сүріңіз,
Бүр қуанып, бірге шатты күліңіз.
Асқар тауым, панам болып әрқашан,
Ешқашан да болмасын сыр, мұңыңыз!

Т/б: жұбайы – Дәметкен, балалары: Жарас-Әсем, жеңгесі – Дінаш тәте, апасы – Төкен, нағашы апасы – Жақан көке, бауырлары – Маралбек, Қайрат, балдыздары, бажалары, інілері, Айжан-Данияр, жиендері: Тілеген, Абылай, келіндері.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture