Балқаштық Металлург өз алаңында тең ойын көрсетті

Балқаштық Металлург өз алаңында тең ойын көрсетті. Өткен сенбіде футболдан өтіп жатқан облыс біріншілігі аясында балқаштықтар Саран Шахтасы командасын қабылдады. Өкінішке орай, жерлестеріміз жеңісімен қуанта алмады. Алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. Ал, ойынның екінші кезеңінде Металлург құрамасының ойыншысы Дәурен Саматов қарсыластарының қақпасын дәл көздеп, балқаштықтар 1-0 есебімен алға шықты. Алайда, қуаныш көпке созылмады. Артынша, сарандықтар жауап қайтарды. Осылайша, балқаштық футболшылардың өз алаңындағы алғашқы ойыны тең аяқталды. Енді, жерлестеріміздің кезекті ойыны 18 маусым күні сырт алаңда Абай Шахтасымен өтеді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture