Балқашта ресми түрде қаңғыбас ит пен кезбе мысықтарға арналған арнайы баспана пайда болды. Былтырдан бастап хайуандарға қамқорлық көрсетуді қолға алған еріктілер қоғамдық бірлестік құрып, жаңа статусқа ие болды. Қазір иесіз қалған төртаяқтылардың мекені жаңа орынға ауысқан. Алайда, волонтерлер ол жерді де жалдап отыр.
Туғанына жарты жыл болған Аделя — еріктілердің қамқорлығына алынған жануардың бірі. Оған жақында ұрықсыздандыру операциясы жасалған. Ветеринарлық хирургта одан өзге 6 итке ота жасалыпты. Тағы екеуі өз кезегін күтуде.
Татьяна Ледовская – «ЧиП» қоғамдық бірлестігінің еріктісі
«Иттерді атқанымен, олар көбеюін жалғастыра береді. Ал, олар көбеймес үшін ұрықсыздандыру операциясын жасаған тиімді. Біз ол үшін арнайы мамандарды шақыртамыз».
Мұнда иттер мен күшіктер бөлек орналасқан. Көбісін қала тұрғындары қоқыс маңынан байқап, жандары ашыған соң еріктілерге әкелген. Далада қалған төрт аяқтылар баспанасында 10 бөлме бар. Онда бір үйшік 2 итке арналған. Жануарлар күніне 2 рет тамақтанады. Ал, тазалық жұмыстары апта сайын жүргізіледі. Алайда, мұның бәріне уақыт керек. Оған қоса еріктілерге көмекшілер де қажет.
Әсел Құрымбаева – «ЧиП» қоғамдық бірлестігінің еріктісі
«Бізге еріктілер керек. Себебі бізге көмектесетін адамдар аз. Иттерді күніне 2 рет тамақтандырып, далаға шығару керек. Сондықтанда, иттерді жақсы көретін жауапты адамдары іздейміз».
Жануарларға қамқор болып жүрген еріктілер жақында қоғамдық бірлестік құрды. Енді олар өздеріне жер телімі мен қаржы бөліну үшін әкімдіктен көмек сұрамақ. Қазір олар жерді жалға алып отыр. Ал, тамақ пен дәріні көмек қолын созған мейірімді жандардың арқасында сатып алуда. Жалпы қаңғыбас ит пен кезбе мысықтарға арналған арнайы баспана пайда болғалы бері 300 төртаяқты өз асыраушысын тапқан.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login