Руы – Сармантай, Мейрманов Дүйсен Алпысбайұлының өмірден өткеніне 10 маусымда 40 күн толады.
Қырық күндік асы 10 маусым күні сағат 12.00-ден бастап «ІЛИЯС» дәмханасында беріледі. Жақын туған-туыстарға, құда-жекжаттарға, жолдастарға, таныстарға хабарлаймыз.
40 күн болды бұл өмірден өткелі,
Сізді ойлаумен көңілден мұң кетпеді.
Келмесіңе көзіміз жетіп тұрса да,
Биязы үніңіз құлағымызға жетпеді.
Жан бауыр, өзіңді біз сағынамыз,
Аруағыңа тәу етіп, табынамыз.
Ұмытпаймыз ешқашан есіміңді,
Табиғаттың заңына бағынамыз.
Біз не дейміз, бір Алланың жіберген бұл ісіне,
Асыл бейнең елес болып кірер енді түсіме.
Жүректерде мәңгі сақтап бейнеңді,
Сағынамыз енді өзіңді, от боп жанып күйіне.
Жаның жәннатта,
Тәнің рахатта.
Алдың пейіш,
Артың кеніш болсын!
Еске алушылар: апасы – Елеукен, ағасы – Серік, қарындастары – Райхан, Раушан, жиендері.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login