Еске алу Бабайбек Маржан (әріптестері)

Қимас әріптесіміз Бабайбек Маржанның арамыздан бақилық боп кеткеніне 40 күн болды. Бізбен қызмет атқарған аз ғана уақыттың ішінде іскерлігімен, ерен еңбегімен, ізгілік пен мейірімділікке толы асыл бейінесімен жадымызда мәңгілік сақталады.

Біз әріптесіміз Маржанды қимастық сезіммен сағына еске ала отырып, «жатқан жері жайлы, жаны жәннатта, қабірі иман нұрына толсын!» деп Алладан рақым тілейміз.

Қара жерде жатқаныңа қырық күн,

Көкке қанат қаққаныңа қырық күн.

Қырық күнде жүрек міне, қаяулы,

Қош, қош бол, Маржан, аяулы!

 

Жазамыз деп ойлап па едік азалы жыр,

Өзің салған күйзелтті қаза бүгін.

Бұл өмірде қысқа ғұмыр жасап қана,

Көтердік тағдыр жазған қазаны бұл.

 

Ойға түссе мінезін сағынамыз,

Іштей ойлап, күрсініп қамығамыз.

Өткен өмір келмейді, келмек емес,

Салғанына Алланың бағынамыз.

 

Не айтамыз тағдырға шағымданып,

Күлімдеп сен келмейсің қайта тұрып.

Жатқан жерің жұмақта нұрлы болсын,

Қолдан келер отырмыз – дұға оқып.

 

Жылдар да өтер өмір ізін жасырып,

Күндер де кетер бұл жалғаннан асығып.

Сонда да,Маржан, тұрасың  мәңгі жүрегімізде,

Жақсылықтың мәртебесін асырып.

Еске алушылар: Балқаш қалалық ветеринария ұжымы.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture