Құттықтау Жанғабыл Алтынбекұлы (бауырлары)

Үлкен шаңырақта отырған, аузын ашса жүрегі көрінетін, ақкөңіл бауырымыз Жанғабыл Алтынбекұлын 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз!

Деніне саулық, отбасына амандық тілейміз. Бала-шағаңның қызығын көріп, ортамызда ақылшымыз болып жүре бер!

Бір үйдің жылуы мол, жан шуағы,

Бір елдің мақтан тұтар шам шырағы.

Ел-жұрттың құрметіне бөленіп,

Орындалсын арман-мақсат, тілегің.

 

Алаң болмай көңіліңіз әрнеге,

Саулығыңыз арта берсін күніге.

Үзілмейтін ұзақ ғұмыр тілейміз,

Қадір тұтып Сізді біздер бүгінде.

 

Т/б: ағасы – Тілеуғабыл

апалары – Нескен, Рысбала – Юра

қарындасы – Бақыт

жиендері

бауырлары

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture