Есірткімен есірген ерлі-зайыптылар. Шашубай кентінің екі тұрғыны есірткі затын сатқаны үшін 10-11 жылға сотталды. Үйдің ері мен әйелі мариухананы саудалап жатқан жерінде екі рет ұсталған. Соңғы рет, полицей клиенттің рөліне еніп, сатып алу процессін видеоға түсіріп алды. Ал саудагерлер бірінші рет Шашубай кентіндегі өз пәтерлерінде иісті шөпті сатып, полицейлердің назарына ілікті. Тиісті сараптама жүріп жатқан кезінде, әйел екінші рет арам жолға барып ұсталды. Ол кезде 31 жастағы келіншек 1000 теңгеге марихуананы сатты. Нәтижесінде, ерлі-зайыптылар қамауға алынды. Анықталғандай, 34 жастағы еркек бұрын қарақшылық, кісі өлтіру фактісі бойынша сотталған екен. Сондықтан,11 жылға бас бостандығынан айырылды. Және әйелі 10 жылын жалпыға бірдей колонияда өткізбек. Ал отбасының 7 жастағы қыздары апасының қолына тапсырылды.
Мадияр Игенов- қалалық прокуратураның прокуроры
« Қарағанды облыстық мамандандырылған аудандық қылмыстық сотының үкімімен Шашубай кентінің екі азаматы, яғни ерлі-зайыптылары есірткі заттарын сатқаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылып,10-11 жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған бап бойынша 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы көзделген».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login