Құттықтау Нұрмағанбетова Диана Мақсатқызы

Көңіліміздің гүлі, жүрегіміздің жыры, сүйікті де сүйкімді балапанымыз Нұрмағанбетова Диана Мақсатқызын 4 жасқа толған туған күнімен құттықтай отырып, ботақанға ұзақ та ғұмырлы өмір, бақытты балалық шақ тілейміз! Апаларыңның, ата-анаңның қамқоры, мақтанышы бол!

4 жасың құтты болсын,

Сен үшін күнде той, күнде жиын.

4 жасқа толды дегеннен соң,

Қуанып бәріміз де келдік бүгін.

 

Өмірдің жазынан, күзінен,

Әр батқан кеш сайын, таң сайын,

Шұғыла нұр шашар жүзінен,

Болшы сен ел сыйлар ханшайым.

Бұйырған маңдайдың бағына,

Бір сенде – құт  пенен дәулетте,

Ақ сәуле төгетін жаныма,

Жұлдыз боп тудың сен әулетке.

 

Төртке толған пәк күнім,

Немеремсің, ақ гүлім.

Жасыңа жас қосылып,

Шалқи берсін шаттығың!

 

Дианамыз ұзақ ғұмырлы болсын,

Өмірі көркем көңілді болсын.

Ата-анасына мейірлі болсын,

Ағайын-жұртқа пейілді болсын.

 

4 жасқа келді елігім,

Ертеңгі менің серігім.
Есейіп әлі-ақ кетерсің,
Еліңнің алып сенімін.

 

Думанға толып өңірің,

Ақ болсын ләйім көңілің.

Туған күнің құтты болып

Қызыққа толсын өмірің.

 

Т/б: Апалары, ата- анасы, ағасы – Алишер, туған-туысқандары.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture