Балқашта өлген жануарлардың өлексесі тасталынатын мал қорымы салынуда. Бұған дейін қалада санитарлық талапқа сай мұндай объект болмаған. Ал, жаңасын тұрғызуға қалалық бюджетте 9 млн теңге бөлініп отыр.
Құрылысшылар мал қорымын салу жұмыстарын аяқтап қалған. Қазір, жер астынан қазылған биотермиялық шұңқырдың үстін цементпен қаптап жатыр. Ал, жануарлар өлексесі тасталынатын ордың тереңдігі 6 метрден асады. Санитарлық талапқа сай болу үшін ішіне толықтай монолит құйылған.
Қайрат Сатымбеков-құрылыс фирмасының прорабы
«Мұнда басты жұмыс — монолит. Армировка жасаймыз сосын монолит құямыз. Бетон ғой монолит. Бетон ол су жібермейді, воздух жібермейді. Өлексені тастағаннан кейін ол өзі шіриді соның астында».
Қорымның жан-жағына тереңдігі 1 метр болатын ор қазылып жатыр. Тышқан, жылан секілді инфекция таратушылар өтпес үшін. Кейін оның сыртынан қоршау салынады. Ал, құрылыс жұмыстары 1-2 аптадан кейін толықтай аяқталмақ.
Қуанышбек Мусин- ветеринарлық станция басшысы
«Қоршаған ортаға ауру тарамас үшін осы биохимиялық шұңқыр дұрыс. Бұған дейінгі мал қорымы өте төмен сапада болған. Ол толып та қалды. Сондықтан жаңадан салып жатырмыз. Бұл типовой болып есептеледі».
Ал, қала тұрғындары өлген жан-жануарды мал қорымына апару үшін қалалық ветеринария бөліміне жүгіну керек. Ондағы мамандар алдымен малдың неден өлгенін тексеріп, анықтайды. Содан кейін ғана өлексе биотермиялық шұңқырға тасталынады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login