Қалада тартылған дайын етті сатуға тыйым салынды. Енді бұдан былай , ет өнімін сатып салушының көзінше ғана ет тартқыштан өткізу керек. Бірақ, гуляш, яғни ұсақтап туралған етті сатуға рұқсат.Сондықтан кәсіпкерлер маусым айынан бастап фаршты сөреден алып тастаулары керектұғын. Өйткені, барлық саудагерде тартылған ет үшін лицензия жоқ. Онымен қоса, етті тарту үшін арнайы жабдықталған бөлме болуы қажет. Алайда, мұндай талап саудагерлердің ешбірінде болмай шықты. Сол себептен, ветеринарлық инспекторлар рейд жұмыстарын күн сайын жүргізбек. Заңды орындамағандарға 45 мыңнан астам айыппұл салынады.
Әлия Бегдербекова – Ветеринария бөлімінің жетекші міндетін атқарушы
«Өйткені,фарш өнімі ол шикізат болып саналады. Оның неден дайындалғанынбіз білмейміз. Олар арнайы цехтерде дайындалуы керек.Сондықтан фарш өнімдерін сатуға біз тосқауыл қойдық базарларда және дүкендерде».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login