Балқашта екі жеңіл көлік соқтығысты

Желтоқсан көшесінде екі иномарка соқтығысты. Жол көлік оқиғасы кеше кешкі 18.00 шамасында болды.  «Mazda» жүргізушісі дөңгелегін ауыстыру үшін №5 мектептің жанына тоқтаған. Сол уақытта оған «Хонда Одиссей» көлігі келіп соғылады. Салдарынан бір көлік қарама-қарсы жолға шығып кетті Екіншісі жарық бағанасына барып соғылды. Екі жүргізуші де дін аман. Ал, полицейлердің сөзінше, 68 жастағы Хонда жүргізушісі өзін жайсыз сезінгендіктен, көлікті басқара алмай қалған. Енді, ол қалаға және зардап шегушіге келген шығынды өтеуі тиіс. Онымен қоса 20 мыңнан аса айыппұл төлейтін болады.

Алмас Қалиашев — жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы
«Қазір шығынның көлемі анықталуда. Сараптама жұмыстарын тағайындағаннан кейін бұл іс әкімшілік сотқа жіберіледі. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Тек жарық бағанасы мен қоршауға зақым келді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture