Қазақстан поездарындағы жолаушылар шағымын қабылдайтын бірыңғай жүйе іске қосылды деп, хабарлайды Today.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ҚР Бас көлік прокуратурасы және «Транстелеком» АҚ бірге жолаушылардың ұсыныс-шағымдарын бір жүйеге келтіретін жаңа жобаны іске қосты.
Жаңа жобаның мақсаты — пойыздардағы қызметтің сапасын жақсарту және жолаушылармен тұрақты кері байланысты орнату болып табылады.
«Бұл жүйе «Транстелекомның» базасында бірыңғай Call-центр арқылы жұмыс істейді. Жүйе жолаушылардың талаптарын қанағаттандыруды, келіп түскен шағымдарды талдауды және олардың көлемін азайту үшін нақты шешімдер қабылдауды көздейді. Енді кез келген жолаушы 14-33 нөмірін теріп, белгілі бір мәселеге қатысты өтініш-талабын тіркеген соң, өзінің байланыс телефондарын калдырады. Кезек күттірмейтін шағым болса жедел қаралып, мәселенің мән-жайы тіпті пойыздың жүру барысында тексерілуі мүмкін. Өзге де өтініш-шағымдарды 7 жұмыс күні ішінде тасымалдаушы компанияның қызметкерлері тексеріп, шағымданушыға ыңғайлы формада жауап беретін болады»,-деп хабарлады баспасөз қызметінде.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login