Балқаш медицинасына үлес қосқан білікті дәрігер. Видео

Қазақстанда маусым айының үшінші жексенбісі медицина қызметкерлерінің төл мерекесі. Биыл бұл мейрам 17 маусымға дөп келіп отыр. Соған орай біз адам өмірін өлімнен арашалап жүрген балқаштық дәрігерлерді назарларыңызға ұсынбақпыз. Алғашқы кейіпкеріміз-Ардақ Құлжанова. Алғашында балалармен жұмыс істеген маман 10 жылдан кейін біліктілігін арттырып ересектерді емдеуге көшкен. Онымен қоса жетекшілік міндетті де атқаруда.
Ардақ Құлжанова ах халат киген ардақты жан болуды мектеп кезінен армандаған. Сол мақсатпен Қарағандыдағы медицинкалық университетте 7 жыл оқып, білім алады. Алғашқы еңбек жолын Сәтпаев қаласындағы түберкулезге қарсы интернатта педиатр қызметінен бастаған. Ал, 8 жылдан кейін білімі мен біліктілігі артқан маман диспансердің бас дәрігері болып тағайындалады.

  Ардақ Құлжанова — отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі
«Жаныма біткен сондай қасиет, біреуге көмектесу, адамға жақын болу. Сондықтан өзімнің қалаған мамандығым осы. Осылай мен медицинаға келдім».

Ардақ Құлжанова өмірінің 35 жылын емдеу ісіне арнаған. Ал, зейнетке шығатын кез келгенде отбасылық денсаулық орталығының басқару туралы ұсыныс түседі. Қазір 21 квартал тұрғындарының денсаулығы және 30 дәрігердің жұмысы осы блікті маманның бақылауында.

Ардақ Құлжанова жұмыстан тыс уақытта екі баланың анасы. Немерелеріне бас көз болатын мейірімді әже. Медицинадан өзге археология саласына да қызығады екен. Ал, денсаулықты күтудегі ең басты сыры жаяу жүру және дұрыс тамақтану.

Ардақ Құлжанова- отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі
  «Әр адамның денсаулығы ерекше. Оған дәрігердің көмегі 20 процент. Қалғаны адамға байланысты. Ол адамның ішкі дүниесіне байланысты. Өзінің туғандағы ерекшеліктеріне байланысты».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture