Балқашта жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан 20 жастағы қызды көлік қағып кетті. Оқиға 3 маусым күні сағат түнгі 22:30 шамасында Қадыржанов көшесінің бойында орын алған. 1997 жылғы қызды қаққан “Merсedes” көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда, оны ізін суытпай қолға түсірді. Көлік иесі 44 жастағы ер адам болып шықты. Ал, жәбірленуші ауруханада жан сақтау бөлімінде жатыр. Қыздың жамбас сүйегі сынып, ішкі ағзаларына зақым келген. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты ауыр халде. Ал, жол көлік оқиғасына себепші болған жүргізуші қазір ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login